Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрлерді қабылдады

Опубликовано:

Зүлфия Сүлейменова президент қабылдауында
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевты, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы, Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловты, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты және Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердің жауапкершілігіндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ұлттық жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударған.

Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа геология және жер қойнауын пайдалану саласын реттеу, көлік-логистика әлеуеті мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру жұмыстарын тапсырған.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменоваға су мәселесінің саясаты мен табиғи ресурстарды реттеу, көгалдандыру және азаматтарды экологиялық тұрғыда тәрбиелеу міндеттері жүктелген.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа туризмді, бұқаралық спортты және мәдениет саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берілген.

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мектептегі және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жөнінде тапсырма берген.

Сонымен қатар Әділет министрі Азамат Есқараевқа заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар міндет жүктелген.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен тығыз жұмыс істеп, олардың мәселелерін уақтылы шешу қажет екенін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004154-memleket-bassysy-zanadan-tagaiyndalgan-ministrlerdi-qabyldady/

pixel