Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елнұр Бейсенбаев Amanat партиясы атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалды

Опубликовано:

Елнұр Бейсенбаев. Фото
Елнұр Бейсенбаев. Фото: AMANAT партиясының Telegram-арнасы

"AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев тағайындалды, деп жазылған партияның ресми Telegram-арнасында.

"AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы 27 маусымда Түркістан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетін бітірген.

Еңбек жолын "Жастар үні" жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, 2009 жылы осы ұйымға төраға болып тағайындалған.

2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарған.

2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет еткен.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарған.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болған.

2020 жылы "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Асхат Оралов атқарған болатын.

Бүгін ол президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004159-elnur-beisenbaev-amanat-partiyasy-atqarusy-xatsysy-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel