Александр Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram арнасы.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.
Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.
2022 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004380-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/