Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Элиманов президентке былтыр 29 қаржы пирамидасы жойылғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жанат Элиманов президент қабылдауында
Жанат Элиманов президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында Жанат Элиманов мемлекет басшысына агенттіктің былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп берген.

Сондай-ақ бизнестің қылмыстық процеске қатысын азайту үшін агенттіктің жүйелі жұмыстар жүргізіп жатқаны жөнінде баяндаған. Соңғы төрт жылда тіркелген істер саны екі есе кеміген.

Жанат Элимановтың айтуынша, жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын мыңнан астам фирманың қызметі тоқтатылған. Сонымен қатар 110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цех жойылған.

Жанат Элиманов мемлекет басшысына қаржы пирамидаларын жою жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да мәлімет берген. Былтыр қаржы алаяқтарының қызметін жарнамалайтын 13 мың веб-парақша мен аккаунт бұғатталған. Сондай-ақ 29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8,3 миллиард теңге көлемінде шығыны өтелген. Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 300 миллиард теңгеден асатын активтер қайтарылған.

Бұдан бөлек Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік үйлестіруімен қаржыны жылыстатуға қарсы ұлттық жүйеге реформа жүргізілгені жөнінде баяндаған. Бұл қолданыстағы заңнаманы халықаралық ФАТФ (FATF) cтандарттарымен барынша сәйкестендіруге мүмкіндік берді.  

Кездесу соңында мемлекет басшысы агенттік төрағасына қаржы пирамидаларының қызметі мен алаяқтардың қитұрқы әрекеттерінің жолын кесу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ адал бизнесті қорғауға, қаржылық және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004443-toqaev-qarzylyq-monitoring-agenttinin-toragasy-zanat-elimanovty-qabyldady/

pixel