Ерлан Әлжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болды

Опубликовано:

Ерлан Әлжан
Ерлан Әлжан. Фото: gov.kz

Ерлан Әлжан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Ерлан Әлжан 2008 жылы құқықтану мамандығы бойынша "Болашақ" Қарағанды өзекті білім беру институтын, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша "Болашақ" Қарағанды университетін бітірген.

Сондай-ақ 2018 жылы заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қарағанды облысының облыстық сот кеңсесінің № 2 Шет аудандық соты кеңсесі сот отырысының бас маманы-хатшысы болған.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы инспекциясының тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Заң қызметі департаментінің талап-арыз жұмысы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, басшысы болған.

Осы тағайындауға дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Тергеп-тексерулер департаментін басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004611-erlan-alzan-basekelestikti-qorgau-zane-damytu-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-boldy/