Тоқаев Бақыт Нұрмұхановты Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындады
Жарияланған күні:
Бақыт Нұрмұханов Конституциялық сот төрағасының орынбасары лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еліміздің Конституциялық сотының ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Бақыт Нұрмұханов 1979 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қалжыр ауылында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің аппаратында жұмыс істеген. Ол әр жылдары Заң бөлімінің консультанты, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, Құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, Талдау жұмысы секторының меңгерушісі (2003-2006), төрағаның кеңесшісі (2006-2011), Құқықтық сараптама бөлімінің бастығы (2011-2017) қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ 2008-2017 жылдар аралығында Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) байланыс қызметкері болған.
2017 жылғы 1 тамызда Конституциялық кеңес аппаратының басшысы болып тағайындалып, бұл қызметті 2022 жылдың соңына дейін атқарған.
2023 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004802-toqaev-baqyt-nurmuxanovty-konstituciyalyq-sot-toragasynyn-orynbasary-lauazymyna-tagaiyndady/