Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

Опубликовано:

Қол қойып жатқан адам. Көрнекі сурет
Қол қойып жатқан адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың үш судьясын қызметтен босату жөнінде дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президенттің тиісті ұсынысын Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқыды.

"Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьяларын басқа қызметке ауысуларына байланысты қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгізілді", - деп атап өтті ол.

Оның сөзінше, Вячеслав Салий Қостанай облыстық соты төрағасы, Айгүл Қыдырбаева мен Асан Ескендіров Конституциялық сот судьялары қызметтеріне тағайындалады.

Сенаторлар судьялардың өзге қызметке ауысуына байланысты қызметтерінен босату туралы ұсынысты қолдады.

Айта кетейік, кеше Конституциялық сот Тұңғыш президент туралы заңның күшін жою туралы қаулы шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005071-elde-zogargy-sottyn-us-sudyasy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel