Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК сайланған сенаторлардың тізімін жариялады

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Pexels.com

Орталық сайлау комиссиясы 14 қаңтарда өткен парламент сенаты депутаттары сайлауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ОСК мәліметінше, сенат депутаттығына 130 кандидат ұсынылып, 55 кандидат дауысқа түскен. Оларға республика бойынша сайлаушылар тізіміндегі 3 167 мәслихат депутатының 2 904-і яғни 91,7 пайызы дауыс берген.

Нәтижесінде сенатқа еліміздің барлық облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 1 өкілден 20 жаңа депутат сайланған. Олар:

  • Абай облысынан – Қайрат Тастекеев 1967 ж.;
  • Ақмола облысынан –Талғат Жүнісов 1963 ж.;
  • Ақтөбе облысынан – Амангелді Нұғманов 1967 ж.;
  • Алматы облысынан – Жанболат Жөргенбаев 1960 ж.;
  • Атырау облысынан – Әлібек Наутиев 1963 ж.;
  • Батыс Қазақстан облысынан – Арман Өтеғұлов 1964 ж.;
  • Жамбыл облысынан – Сәкен Арубаев 1976 ж.;
  • Жетісу облысынан – Амангелді Төлемісов 1977 ж.;
  • Қарағанды облысынан – Серік Өтешов 1963 ж.;
  • Қостанай облысынан – Гауез Нұрмұхамбетов 1968 ж.;
  • Қызылорда облысынан – Руслан Рүстемов 1968 ж.;
  • Маңғыстау облысынан – Бекбол Орынбасаров 1971 ж.;
  • Павлодар облысынан – Ернұр Әйткенов 1965 ж.;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан – Гүлмира Кәрімова 1977 ж.;
  • Түркістан облысынан – Мұрат Қадырбек 1980 ж.;
  • Ұлытау облысынан – Советбек Меңдібаев 1965 ж.;
  • Шығыс Қазақстан облысынан – Шәкәрім Бұқтығұтов 1961 ж.;
  • Астанадан – Бибігүл Жексенбай 1971 ж.;
  • Алматыдан – Жанна Асанова 1975 ж.;
  • Шымкенттен – Нұрлан Бекназаров 1964 ж.

Айта кетейік, сайланған 20 депутаттың үшеуі әйел, 17-і ер адам, олардың орташа жасы - 53,8 жас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005496-osk-sailangan-senatorlardyn-tizimin-zariyalady/

pixel