Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Батырғожинов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды

Опубликовано:

Серік Батырғожинов. Фото
Серік Батырғожинов. Фото: Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты

Серік Батырғожинов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми сайтында.

Қалалар мен аудандардың әкімдерімен, сондай-ақ, облыс басқармаларының басшыларымен өткен аппараттық кеңесте өңір басшысы Асайын Байханов өзінің жаңа орынбасары Серік Батырғожиновты таныстырған.

Ол өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инвестициялар, жер қатынастары, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және туризм салаларына жетекшілік ететін болады.

Сондай-ақ облыс әкімі бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейрам Өтешовке еңбегі үшін алғысын айтып, Серік Батырғожиновке жаңа жұмысында табыс тілеп, негізгі басымдықтарды атап өткен.

Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "Агрономия" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Ертіс ауданының "Голубовский" совхозында жұмысшы болып бастаған. Жоғары білім алған соң, 1990 жылы совхоздың бас агрономы болған.

Әр жылдары өңірдегі түрлі ЖШС мен шаруа қожалықтарын басқарған.

2013 жылдың қыркүйегінде Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып мемлекеттік қызметке оралған.

2014-2016 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары-Ертіс ауданының әкімі, 2019 жылы "Стальмонтаж" ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылы Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын басқарса, 2021 жылы Тереңкөл ауданының әкімі болып тағайындалған.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап осы тағайындауға дейін Баянауыл ауданының әкімі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005618-serik-batyrgozinov-pavlodar-oblysy-akiminin-orynbasary-boldy/

pixel