Тоқаев БАӘ Құрметті қонақтары кітабына жазба қалдырды (фото, видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды президент баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасы.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ құрметті қонақтары кітабына жазба қалдырды.
Сондай-ақ мемлекет басшылары ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды.
Еске салсақ, 15 желтоқсан, жексенбі күні мемлекет басшысы Біріккен Араб әмірліктеріне ресми сапармен келген болатын.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитіне қатысып, сөз сөйледі.
Ал бүгін, 17 қаңтар күні мемлекет басшысын Біріккен Араб Әмірліктері президентінің "Әл-Уатан" сарайында салтанатты түрде қарсы алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005672-toqaev-baa-qurmetti-qonaqtary-kitabyna-zazba-qaldyrdy-foto-video/