Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктерінде салтанатты қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері президентінің "Әл-Уатан" сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Еске салсақ, 15 желтоқсан, жексенбі күні мемлекет басшысы Біріккен Араб әмірліктеріне ресми сапармен келген болатын.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Абу Даби тұрақты даму апталығы" саммитіне қатысып, сөз сөйледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005658-toqaevty-baa-prezidentinin-al-uatan-saraiynda-saltanatty-turde-qarsy-aldy/

pixel