Тоқаев араб компаниясының бас директорымен энергетика саласындағы бірлескен жобаны талқылады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланған.
Мемлекет басшысы Қазақстан 2060 жылға дейін көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруды көздеп отырғанын айтқан.
Сонымен қатар президент Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен KIDF қоры және Masdar компанияcы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум толыққанды жүзеге асырылатынына сенім білдірген.
Осы құжатқа сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, еліміздің жасыл энергетиканы дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін атап өткен.
Сондай-ақ оның компаниясы бұл бағыттағы ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005710-toqaev-arab-kompaniyasynyn-bas-direktorymen-qazaqstanda-zel-elektr-stanciyasyn-salu-maselesin-talqylady/