Тоқаев Дубай әмірлігінің билеушісімен кездесті (фото, видео)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Кездесу барысында президент қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өткен.
Сондай-ақ әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы әмірліктердің басты қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатқанына тоқталып, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесіне назар аударған.
Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Қазақстан мен әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізген.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005845-toqaev-dubai-amirliginin-bileusisimen-kezdesti-foto/