Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Дубай әмірлігінің билеушісімен кездесті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум
Қасым-Жомарт Тоқаев және Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Кездесу барысында президент қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум
Қасым-Жомарт Тоқаев және Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум. Фото: Ақорда

Сондай-ақ әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы әмірліктердің басты қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатқанына тоқталып, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесіне назар аударған.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Қазақстан мен әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның кездесуі
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед пен Рашид Әл Мактумның кездесуі. Фото: Ақорда

Кездесу соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005845-toqaev-dubai-amirliginin-bileusisimen-kezdesti-foto/

pixel