Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент жарлығымен жетінші сайланған мәжіліс таратылды

Жарияланған күні:

Мәжіліс
Мәжіліс ғимараты. Көрнекі фото: Рarlam.kz

Мемлекет басшысы жетінші сайланған парламент мәжілісін таратып, мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады.

"Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005993-prezident-zarlygymen-zetinsi-sailangan-mazilis-taratyldy/