Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына алғыс білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің депутаттарына алғысын білдірді. Осыған дейін президент парламенттің төменгі палатасын тарату туралы жарлыққа қол қойған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Парламент мәжілісінің жетінші шақырылым депутаттарына әділетті Қазақстанды құру бағытын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, еліміздің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешкен, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысқан, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмысы үшін алғыс айтамын.

Мәжіліс депутаттары жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдында жауапкершілік және шынайы патриотизмнің үлгісін көрсетті", - деп жазды мемлекет басшысы ресми Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006044-qasym-zomart-toqaev-mazilis-deputattaryna-algys-bildirdi/

pixel