Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстарды мұқият тергеуді тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге қарсы бағытталған қылмыстар бойынша тергеуді мұқият жүргізу туралы құқық қорғау органдарына тапсырма берді. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы - президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында хабарлады.

"Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006086-toqaev-zurnalisterge-qarsy-bagyttalgan-qylmystardy-muqiyat-tergeudi-tapsyrdy/

pixel