Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы үкіметке жас кадрлардың келуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мәжіліс
Мәжіліс ғимараты. Көрнекі фото: Рarlam.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаев Астанада өткен баспасөз конференциясында министрлер кабинетіне жас кадрлардың қызметке келуіне қатысты қандай пікірде екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дархан Жазықбаевтың айтуынша, қазіргі таңда 250 резервист қызметке тұрған, олардың 33-і саяси және "А" корпусында.

"Ары қарай да жұмысты жалғастыра береміз. Жаңа ғана айтып өткенімдей, президенттік жастар кадрлық резервіне байланысты жұмыс биыл да өз жалғасын табады. Алдағы уақытта да жұмыс істейміз, жас, талантты мамандарды ары қарай да жоғары лауазымдарға ұсынатын боламыз", - дейді ол.

Дархан Жазықбаев сондай-ақ биылғы жылы да президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу өткізілетінін атап өтті.

"Резервистерді жұмысқа орналастыру барысында түрлі қиындықпен бетпе-бет келетінімізді мойындау керек. Кейбір мемлекеттік органдарда 10 резервист қызмет етуде, ал кейбірінде жоқтың қасы. Әлеуметтік маңызы бар салаларда - денсаулық сақтау, энергетика, білім саласында резервистер саны санаулы.

Осыған байланысты біз резервтің салалық топтарын қайта қарайтын боламыз. Бұған қоса кандидаттармен әңгімелесу кезеңі міндетті түрде салалық мемлекеттік органдар мен мамандардың қатысуымен өтетін болады", - деп түсіндірді спикер.

Сонымен бірге ол бұған дейін өзге елдің азаматтығын алу, азаматтықты жоғалту немесе жұмыстағы теріс сипаттағы себептерге байланысты қызметінен кету жағдайында резервтен шығару реті бекітілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006154-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttiginin-toragasy-ukimetke-zas-kadrlardyn-keluine-qatysty-pikir-bildirdi/