Мәулен Әшімбаев сенат төрағасы болып қайта сайланды
Жарияланған күні:
Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаев сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сенат депутаттары сенат төрағасы лауазымына президент ұсынған Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
"Құпия дауыс беру болды. Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Депутаттарға дауыс беру үшін 50 бюллетень беріліп, 50-і қайта алынды. Олардың арасында жарамсызы жоқ. Бірауыздан қолдағандар 50, қарсы болғандар әрі жауап беруден бас тартқандар жоқ", – деді сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежанов.
Айта кетейік, бұған дейін президент Мәулен Әшімбаевты сенат төрағасы етіп сайлауды ұсынған болатын.
Сонымен бірге ОСК сайланған сенаторлардың тізімін жариялап, мемлекет басшысы Жақып Асанов, Мәулен Әшімбаев және тағы үш тұлғаны сенат депутаты етіп тағайындаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006848-maulen-asimbaev-senat-spikeri-bolyp-qaita-tagaiyndaldy/