Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұркен Шәрбиев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Нұркен Шәрбиев. Фото
Нұркен Шәрбиев. Фото: t.me/KZgovernment

Нұркен Шәрбиев Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисі болып бастаған.

2000-2002 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінде, стратегия және мемлекеттік реттеу департаментінде, индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасында жетекші, бас маман болып жұмыс істеген.

2002-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.

2011-2012 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссия агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).

2013-2014 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры болған.

2014-2017 жылдары жеке меншік ұйымда жұмыс істеген.

2017-2018 жылдары "ҚазАгроҚаржы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2018-2020 жылдары "Тараз" ӘКК" АҚ басқарма төрағасы.

2020-2022 жылдары "Атамекен" ҰКП-ның басқарушы директоры, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін "Аманат" партиясының "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007425-nurken-sarbiev-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel