Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Астанадағы өзекті мәселелерді ашып айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында қаладағы өзекті мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Жалпы, елорданың даму барысы жаман емес. Былтыр әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсті. Ел өмірінде елордамыздың орны ерекше. Оған қойылатын талап та жоғары. Бұл – тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар мәселе.

Қазір шаһарда жылу, су, мектеп, балабақша және аурухана тапшылығы бар. Біраз жерде интернеттің сапасы нашар. Мұны ашық айтуымыз керек. Яғни, өзекті мәселе аз емес.

Астана – үлкен қала, көшіп келіп, тұрып жатқан азаматтар көп. Сол себепті, әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық түседі. Сондықтан алдағы жұмыс барысында көптеген мәселеге айрықша назар аудару қажет", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007477-memleket-bassysy-astanadagy-ozekti-maselelerdi-asyp-aitty/

pixel