Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент елордадағы кептеліс астаналықтардың ашу-ызасын келтіретінін айтты

Опубликовано:

Президенттің қатысуымен өтіп жатқан кеңес
Президенттің қатысуымен өтіп жатқан кеңес. Фото: Т.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан елорданы дамытуға байланысты кеңесте президент Астананың жолдары мен ондағы кептеліс мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Президент елорданы дамытуға қатысты маңызды мәселе ретінде Астананың көлік жүйесін дамытуды айтты.

"Автокөлік саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сол себепті, көлік кептелісі өте күрделі мәселеге айналды. Бұл, тіпті, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызып отыр.

Мысалы, Мәңгілік ел даңғылы кептелістен көз ашпайды. Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Сонымен қатар, кіші айналма жолдың құрылысы созылып кетті. Оның үстіне, жаңа тұрғын үй кешендерін салғанда жол мәселесі толыққанды ескерілмей жатыр", – деді мемлекет басшысы.

Жиын барысында президент көлік саласын дамыту жұмысы да ақсап тұрғанын тілге тиек етті. Мәселені шешу үшін онымен жүйелі түрде айналысу қажеттігін айтты.

"Қала жолдарының жай-күйі де мәз емес. Мысалы, кейбір көшелер жыл сайын жөнделеді. Бірақ көктем шыққанда жолдың сапасы сын көтермейді.

Ал, кейбірі мүлдем қараусыз қалған. Бұл – жол салу және жөндеу жұмыстары дұрыс жүргізілмейді деген сөз. Бұл мәселені үкімет мен әкімдік арнайы қарауы керек. Қажет болса, мердігерлерді ауыстыруға тиіс", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007489-prezident-elordadagy-keptelis-astanalyqtardyn-asu-yzasyn-keltiretinin-aitty/

pixel