Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елорданы дамыту мәселелері бойынша өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттағанын атап өтті. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Қаладағы өте өзекті мәселе – инфляцияның жоғары болуы. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады. Әкімдік тұрақтандыру қорында резерв жинауды қойып, "айналым схемасы" аясында сауда желілеріне жеңілдікпен займ беруге көшті.

14 миллиард теңге бөлінді. Бұл – өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қабылданып жатқан шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, Бірақ жұмыс орындалмады.

Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінген азық-түлік импорты 3 есеге артты. Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр.

Көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды тапсырамын". - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007507-prezident-astanada-azyq-tulik-bir-zylda-orta-eseppen-25-paiyzga-qymbattady/

pixel