Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Елорданы жаңғырту қажет

Опубликовано:

Астана көшесі
Астана. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда ІТ саласындағы білікті мамандар арқылы Digital nomads орталығына айналу керектігін айтты. Бұл туралы Ақорданың Telegram арнасы хабарлады.

Елорданы дамытуға арналған кеңесте мемлекет басшысы қала дамудың жаңа үлгісіне көшуге тиіс екендігін баса айтты. Астана инновациялық шаһар болуы қажет.

"Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек.

Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар "ақылды қала" жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын", – деді президент.

Мемлекет басшысы әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп аталған жұмысты дереу қолға алуды тапсырды.

"Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың "Digital nomads" орталығына айналмақ"

Біз Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамытуымыз керек. Әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек.

Астананың қазіргі ауыр жағдайын тез арада өзгерту маңызды. Елорданы жаңғырту қажет. Осы мақсатпен қаланың даму стратегиясын қайта қараған жөн. Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс.

Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент әкімшілігі жұмыстың уақытылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады. Сіздерден нақты нәтиже күтемін", – деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007512-memleket-bassysy-elordany-zangyrtu-qazet/

pixel