Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасыратын ештеңе жоқ": Қаржы министрі неліктен табысы туралы декларацияны әлі жарияламағанын айтты

Опубликовано:

Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев. Фото: Қаржы министрлігінің сайты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев cенат кулуарында табысы туралы декларацияың неге әлі жарияланбағанына қатысты сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Қаржы министрінің декларациясы қашан жарияланатынын сұрады. Өйткені, маусым айында Ерұлан Жамаубаев кірісі туралы ақпарат беруге дайын екенін айтқан болатын.

"Біріншіден, кадр қызметіне (декларациясын жариялауды – ред. ескертпе) тапсырдым. Заң бойынша ол шығарады. Мен мұны анықтаймын. Екіншіден, менің жалақымды негізінен білесіздер, жасыратын ештеңем жоқ", – деді министр өз жауабында.

Жалпы, оның айтуынша, шенеуніктер, оның ішінде өзі де ұсынған декларация кіріс декларациясы болып табылады.

"Бұл бірінші кіріс декларациясы. Қателіктер болса да, біз оларды кірісті таза ұстауға шақырдық. Ертең қайталама декларациялау кезінде мемлекеттік кірістер органдарында біздің азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге сұрақтар болмауы керек.

Тіпті, егер ұсақ-түйек қателіктер болса да, біз оларға толтыруға кеңес бердік. Жалақы дұрыс көрсетілмеген кезде де болды. Дұрыс толтыру керек ұяшықтар бар. Егер қайталап толтырғандар болса немесе толтырылмай жатқаны болса, онда оның бәріне біз кеңес бердік. Көбінесе осындай техникалық қателер", – деді Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007772-zasyratyn-estene-zoq-qarzy-ministri-nelikten-tabysy-turaly-deklaraciyany-ali-zariyalamaganyn-aitty/

pixel