Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

Опубликовано:

Берік Беркімбаев
Берік Беркімбаев. Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты

Берік Беркімбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Беркімбаев Берік Серікұлы 1980 жылы ақпанда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд Университетін бітірген.

Ол 2001-2004 жылдары Алматы қаласы, Оңтүстік-Шығыс көлік аймағы бойынша ҚСжАО прокуроры, кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры болды.

2004-2010 жылдары аралығында Бас прокуратураның өңірлік басқармаларында түрлі қызметтер атқарды.

Әр жылдары Жоғарғы сот және Әділет министрлігінде атқару өндірістерін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық лауазымдарда, Ақмола облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің басшысы, Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ ӘМ мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы, Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.

Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып 2022 жылғы 20 қаңтарда тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007806-berik-berkimbaev-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel