Қасым-Жомарт Тоқаев қолөнершілер көрмесін аралады (фото)
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешеніндегі Жамбыл өңірі қолөнер шеберлерінің көрмесіне барды, деп хабарлайды "Ақорда" ресми сайты.
Президент "Шебер шаңырақ" мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық бірлестігі, "Өшпес мұра" мен Жамбыл облысы қолөнер шеберлерінің қауымдастығы және "Жамбыл облысы қолөнершілер одағы" қоғамдық бірлестігі, "Асыл-Дизайн" сән үйі және басқа да ұйымдар шеберлері жасаған бұйымдарды тамашалады.
Көрмеге 29 қолөнер шеберінің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.
Мемлекет басшысына көрсетілген "Киіз үй" инсталляциясында жастарға тоқыма, киіз басу, құрақ құрау, ұршық иіру, сырмақ сыру және басқа да өнер түрлері бойынша шеберлік сабағы өткізілді.
Сонымен қатар көрмеде көшпенділердің заманауи әлемдік үлгіде жаңғыртылып, нео-фольклор стилінде тігілген көпғасырлық дәстүрлі киімдері және дала гүлдері мен шөптерінің хош иістерінен жасалған иіссулар көрсетілді.
Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008012-qasym-zomart-toqaev-qolonersiler-kormesin-aralady-foto/