Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсуде
Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсуде. Көрнекі фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы президент баспасөз қызметінің Telegram арнасы хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында бірқатар агроөнеркәсіп кешенін аралап, аймақтағы әлеуметтік нысандардың қызметімен танысады.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында президент жұмыс сапарымен Қостанай облысына барған болатын. Сапар барысында ол Рудный қаласының тұрғындарымен кездесіп, жергілікті құс фабрикасында болып, Соколовский карьерінің жұмысымен танысқан.

Сонымен қатар президент Қостанайдағы Allur автомобиль зауытында болып, Kia Sportage автокөліктерінің өндірісін іске қосқан еді.

Сондай-ақ бүгін таңертең мемлекет басшысы қазақстандықтарды 2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007909-toqaev-zumys-saparymen-zambyl-oblysyna-keldi/

pixel