Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады

Опубликовано:

Салауат Мүксімов
Салауат Мүксімов. Фото: facebook.com/ADGSQOSTANAI

Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Салауат Мүксімов 1980 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. "Мемлекеттік және жергілікті басқару" профилі бойынша PhD докторы.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған.

2001-2005 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің оқытушысы.

2005-2013 жылдары – парламент сенаты аппаратында қызмет атқарған.

2013-2014 жылдары – "Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы" ММ-нің басшысы.

2015-2016 жылдары аралығында – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры.

2018 жылдың мамыр айынан бастап – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы.

2019 жылғы тамыз – 2020 жылғы ақпан айлары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы.

2020 жылғы ақпан – 2021 жылғы мамыр айлары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы болған.

Жаңа қызметіне дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры лауазымын атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008128-salauat-muksimov-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttigi-toragasynyn-orynbasary-boldy/

pixel