Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Роман Скляр мен Павлодар облысының әкіміне тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұз қаласына қатысты тапсырма берді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы Роман Склярға және Асайын Байхановқа Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырған.

Сонымен қатар президент жылыту маусымын, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырған.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жалпы еліміз бойынша жылу құбырлары апатты жағдайда тұрғанын айтқан еді.

Президенттің сөзінше, желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008166-toqaev-roman-sklyar-men-pavlodar-oblysynyn-akimine-tapsyrma-berdi/

pixel