Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады

Опубликовано:

Жазықбаев
Дархан Жазықбаев президент қабылдауында. Фото: Telegram/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады. Ол мемлекет басшысына агенттіктің былтыр атқарған жұмыстары мен тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың Telegram арнасы.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, агенттік төрағасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою, одан шығу тәртібін жеңілдету үшін жүргізілген жұмыстар туралы айтқан.

Дархан Жазықбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру мақсатында "Е-қызмет" жүйесі жаңғыртылды және оның базасында биыл 1 наурыздан бастап жаңа іріктеу жүйесі пилоттық жоба ретінде іске қосылады.

Сонымен қатар, агенттік төрағасы бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін талдау нәтижелері туралы да баяндады. Дархан Жазықбаев агенттікті толыққанды HR-институтқа айналдыру жөніндегі жоспарлы шараларға арнайы тоқталқан.

Одан өзге, Қасым-Жомарт Тоқаевқа салалық кадрлардың мемлекеттік аппаратқа қажеттігін ескере отырып, Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізуге дайындық жұмыстарының басталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ өңірлік жастар кадр резервтерін құру жоспарда бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың сервистік моделін қалыптастыру және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008221-toqaev-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttiginin-toragasy-darxan-zazyqbaevty-qabyldady/