Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі қанша партия мәжіліс сайлауына кандидаттарын ұсынып үлгерді

Жарияланған күні:

Құжаттарды қарап отырған қызметкер
Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясына мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжатын төрт партия тапсырды, деп хабарлайды ОСК ресми сайты.

Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:

  • "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі»;
  • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі.

Бұған дейін ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы бір күнде – 19 наурызда өтеді.

Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу мерзімі 18 ақпан күні сағат 18:00-де аяқталады. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008362-mazilis-sailauy-qai-partiyalar-oz-kandidattaryn-usynyp-ulgerdi/