Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі Тоқаевқа қаңтар айындағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марат Ахметжанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ведомство басшысы президентке осы жылдың қаңтар айындағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берген.

Министрдің мәліметінше, кешенді алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, ұрлық, бұзақылық, мал ұрлығы, сондай-ақ көшеде жасалған қылмыстар саны айтарлықтай азайған.

Сондай-ақ министр мемлекет басшысына көші-қон жағдайы, ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндаған.

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған президент бекіткен тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеру (Integrity check) жөніндегі пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері туралы да есеп берген.

Бұдан бөлек министр мемлекет басшысына шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының барысы жайында айтқан.

Сонымен бірге қоғаммен бірлесе отырып, Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын хабарлаған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттерді және арандатушылықты әшкерелеу жұмыстарын жандандыруды тапсырған.

Сонымен қатар еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008762-iski-ister-ministri-toqaevqa-seteldik-avtokolikterdi-zandastyru-zumystarynyn-barysy-turaly-aitty/

pixel