jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Евгений Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

    Евгений Кочетов
    Евгений Кочетов. Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

    Үкімет қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Евгений Кочетов родился 1988 жылы Астанада дүниеге келген. Ол Қазақ гуманитарлық заң университетін, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

    2009-2013 жылдары "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған.

    2013-2018 жылдары "Цесна" Корпорациясы" АҚ Девелопмент бөлімшесінің басшысы, "Kazakhstan Real Estate Group" ЖШС басқарма директоры, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты "Орталық коммуникациялық қызметі" РММ директоры, "Qazcontent" АҚ Басқарма төрағасы, "Нұр Отан" партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары болды.

    2019-2023 жылдар аралығында "Рухани Жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институны басқарма төрағасының кеңесшісі, "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының бас директоры қызметтерін атқарды.

    Сонымен қатар әр жылдары бірнеше республикалық БАҚ-та жұмыс істеді.

    Евгений Кочетов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.