Ақерке Ахметова Әділет вице-министрі қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Ақерке Естайқызы Ахметова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-арнасы.
Ақерке Ахметова 1975 жылы Алматы қаласында туған.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Көкшетау университетін, Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Sheffield университетін бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық салада жұмыс істеді.
2000 жылдан бастап Әділет министрлігінің құрылымында қызмет еткен. Бас маман, халықаралық келісімшарттар жобаларын сараптау бөлімінің басшысы, Департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015 - 2017 жылдары Әділет министрлігінің Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің директоры болды.
2018 - 2019 жылдары Әділет министрлігінің Мемлекеттік мүлік құқығын қорғау департаментінің директоры лауазымын атқарған.
2019 жылдан бүгінге дейін Әділет вице-министрі болып жұмыс істеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009124-aqerke-axmetova-adilet-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.