Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибігүл Төлегенова Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды

Опубликовано:

Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Төлегенова. Фото: gov.kz

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Бибігүл Райханқызы Төлегенова тағайындалды. Осыған дейін ол аталған мекеме басшысының орынбасары болып қызмет еткен, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігі ресми сайтында.

Бибігүл Төлегенова 1976 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.

1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2017 жылы ҚАЗМЗУ университетін бітірген.

2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында әр түрлі лауазымдарды атқарған: ұйымдастыру-жедел және кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші маманы, мемлекеттік бағдарламаны үйлестіру, медициналық технологияларды дамыту, дәрілік саясат және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы, МСАК үйлестіру бөлімінің бас маманы, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің лицензиялау және квота жөніндегі бас маманы, ұйымдастыру-жедел және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы, медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің бас маманы, Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы болған.

2021 жылдың сәуірінен 2023 жылдың ақпанына дейін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009170-bibigul-tolegenova-qaragandy-oblystyq-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-bassysy-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel