Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрі президентке су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Зүлфия Сүлейменова
Қасым-Жомарт Тоқаев және Зүлфия Сүлейменова. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Экология министрі мемлекет басшысына еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берген.

Сондай-ақ су тасқыны кезеңінде гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндаған. Осы мақсатта ведомство басшысы жуық арада Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тексеру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғанын атап өткен.

Министрдің сөзінше, жалпы республика аумағында барлығы 1806 гидротехникалық құрылыс бар. Жыл басындағы жағдай бойынша 1322 гидротехникалық құрылыс ғимараты тексерістен өткен, 471 нысан жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді.

Сонымен қатар Зүлфия Сүлейменова президентке броконьерлікке және орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатқанын жеткізген. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде орман шаруашылығын дамыту мәселесін пысықтауда.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарын бірлесе жүргізуі маңызды екенін атап өткен. Сондай-ақ барлық гидротехникалық құрылыстарды құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009217-ekologiya-ministri-zulfiya-suleimenova-prezidentke-su-tasqyny-kezenine-daiyndyq-turaly-malimet-berdi/

pixel