Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Степногорск қаласындағы жылыжайды аралап көрді (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмоладағы жылыжайды аралап жүр
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыжайды таныстыруда. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы "Қазақстанның жылыжай технологиялары" ЖШС аралап, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке жылыжай өнімдері – қияр, қызанақ, бұрыш және басқа да көкөністер мен гүл өсірудің заманауи технологиялары таныстырылды.

Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылы баклажан және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компанияның өнімдері толығымен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады.

Өңір – ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі. Мұнда ел бойынша дәнді дақылдардың төрттен бірі өсіріледі және үлкен көлемде көкөністер мен құс еті өндіріледі.

Президент Ақмолаға жұмыс сапарымен барды
Президент Ақмола облысы кәсіпкерлерінің көрмесінде. Фото: Ақорда

Президент өндірілетін өнімнің сапасын бағалап, оның сұранысқа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ компанияның экспорттық мүмкіндіктеріне назар аударды.

Мемлекет басшысы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен әңгімелесті. Кездесу барысында түйткілді мәселелер көтеріліп, отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты конструктивті ұсыныстар айтылды.

Президент жағдайды жіті қадағалайтынын, бизнес ахуалы туралы жедел ақпарат алатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыратынын және ынтымақтастықтың жаңа формалары әзірленетінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009392-toqaev-stepnogorsk-qalasyndagy-zylyzaidy-aralap-kordi-foto/

pixel