Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Ғалымжан Жанқуатов
Ғалымжан Жанқуатов. Фото: primeminister.kz

Ғалымжан Жандосұлы Жанқуатов Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ғалымжан Жанқуатов 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Семей "Қайнар" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы "Катран" шаруа қожалығының іс жүргізушісі болып бастаған. 

2004-2006 жылдары – Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің жетекші маманы, бас маманы.

2006-2010 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімінің бас сарапшысы, консультант-мемлекеттік ревизор.

2010-2011 жылдары – премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің бас консультанты.

2011-2014 – Білім және ғылым министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, Заң департаментінің директоры болған.

2014-2015 жылдары – Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

Сондай-ақ 2015-2017 жылдары – премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің бас консультанты.

2017-2019 жылдары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020-2021 жылдары – премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің бас инспекторы.

2023 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Алматы Жанболатұлы Әбдікешов қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009409-galymzan-zanquatov-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-ministrliginin-apparat-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel