Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Украина тарапының бастамасы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады, деп хабарлады Ақорда ресми сайтында.
"Ақорда" мәліметінше, екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады", - деп мәлімдеді Ақорда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009733-qasym-zomart-toqaev-ukraina-prezidenti-vladimir-zelenskiimen-telefon-arqyly-soilesti/