Мемлекет басшысы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.
Кездесу барысында мемлекет басшысына Конституциялық сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.
Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010095-memleket-bassysy-konstituciyalyq-sot-toragasy-elvira-azimovany-qabyldady/