Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу қашан өтеді

Опубликовано:

жұмыс істеп отырған ер адам
Жұмыс істеп отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Азамат Жолмановтың сөзінше, президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу биыл күзде өтеді.

"Бүгінгі күні резервке қабылданған 350 азаматтың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының әр түрлі лауазымдарына 262-сі немесе 75 пайызы тағайындалды. Оның ішінде: орталық мемлекеттік органдарға – 131, жергілікті атқарушы органдарға – 41, ұлттық компанияларға – 54, өзге де ұйымдарға – 36.

Сондай-ақ 28 маман саяси лауазымдарға тағайындалды. "А" корпусының лауазымдарына 8 адам орналасты", - дейді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Азамат Жолмановтың айтуынша, күзде өтетін іріктеу мемлекеттік органдардың салалық кадрларға деген қажеттіліктеріне негізделеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010467-prezidenttik-zastar-kadrlyq-rezervine-kezekti-irikteu-qasan-otedi/

pixel