Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашағанда екі газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр

Опубликовано:

Қашағанда екі газ өңдеу зауытын салу жоспарланған
25 ақпан. Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңес. Фото: primeminister.kz

25 ақпанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайтында.

Кеңесте қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады.

Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп отыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд текше метр болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы әзірленіп жатыр. Жобаны екі кезеңде, яғни 2 млрд текше метр болатын екі желі бойынша іске асыру жоспарланып отыр.

Премьер-министр дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек кеңесте газ транзиті мен импорты мәселелері қаралды.

Қашаған кен орны
Қашаған кен орны. Фото: ncoc.kz

Айта кетейік, "North Caspian Operating Company" ресми сайтының ақпараты бойынша еліміздегі Қашаған кен орны - соңғы төрт онжылдықта ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Одан алынатын қор шамамен 9-13 миллиард баррель (1-2 миллиард тонна) мұнайды құрайды. Қашаған теңіз кен орнының су қоймасы Атырау қаласынан 80 километр жерде су астында 3-4 метр тереңдікте орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010939-qasaganda-eki-gaz-ondeu-zauytyn-salu-zosparlanyp-otyr/