Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ербол Мырзабосынов спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Ербол Мырзабосынов
Ербол Мырзабосынов. Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Мәдениет және спорт министрлігі Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды үкіметттің ресми сайтында.

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009-2014 жылдары Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі болды.

2006-2018 жылдары "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушысы қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары "Qazaq kuresi" қауымдастығының басқарушы директоры болды.

2021 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.

Бұрын осы қызметте болған Самат Серікқанұлы Ерғалиев жұмыстан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010952-erbol-myrzabosynov-sport-zane-dene-synyqtyru-isteri-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel