Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшысы президентке 2023 жылға арналған республикалық бюджет жөнінде баяндады

Опубликовано:

Премьер-министр Әлихан Смайылов президент қабыдауында
Премьер-министр Әлихан Смайылов президент қабыдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Үкімет басшысы президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылау мәселелері жөнінде баяндаған.

Сондай-ақ премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамдардың, сондай-ақ осы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің бұған дейін мақұлданған деңгейде сақталып отырғаны жөнінде мәлімет берген.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің нақты өсімі 4 пайыз, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ премьер-министр бюджет шығыстарын ішкі қайта бөлу және бюджет түсімдерін арттыру есебінен 2,2 триллион теңгені нақтылау жоспарланып отырғанын айтты. Осы ретте шағын және моноқалаларды дамытуға, "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыруға, елдімекендерді газбен қамтамасыз етуге, жылумен қамту жүйелерін салуға және реконструкциялауға, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға, ауыл халқын жаппай жұмыспен қамту үшін жағдай жасауға қосымша қаржы бөлу көзделген.

Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы мен логистика саласын дамыту үшін жолдар салуға және реконструкциялауға қаржы бөлу, пойыздарды жаңарту, жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланған.

Үкімт басшысының айтуынша, бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларға, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армияны жаңғыртуға және әскери қызмет жағдайын жақсартуға қосымша қаражат бөлу көзделіп отыр.

Кездесу соңында президент елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда барынша оң ықпал ету мақсатында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011005-ukimet-bassysy-prezidentke-elimizdin-aleumettik-ekonomikalyq-damuy-zoninde-bayandady/

pixel