Досбол Бекмағамбетов Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Досбол Боташұлы Бекмағамбетов Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Досбол Бекмағамбетов 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті Еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастаған.
2007-2008 жылдары – Қарағанды қаласы Нұра ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік инспектордың бас маманы.
2008-2012 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданының экология инспекторының бас маман-уәкілі.
2012-2016 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары.
2016-2017 жылдары – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы.
2017-2019 жылдары – су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы, Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары.
2019-2021 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011038-dosbol-bekmagambetov-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.