Мавр Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен Мавр Ерғалиұлы Абдуллин Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі ресми сайтында хабарлады.
Мавр Абдуллин 1973 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мекемесінің жұмысшысы болып бастаған.
1993 – 1995 жылдары – жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.
1995 – 2012 жылдары – Ойыл аудандық киножелісі дирекциясының директоры, Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болған.
2012 – 2022 жылдары – Ойыл, Алға аудандарының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі, "Ақтөбе Нефте Газ Строй" жауапкершілігі шектулі серіктестігі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011113-mavr-abdullin-aqtobe-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.