Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біртіндеп қысқартамыз": Қаржы министрлігі Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру туралы айтты

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: nazarbayev.kz

Үкімет кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру әрі қарай қалай болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруға үш жылдың ішінде 5,6 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері "Елбасы" туралы заңның күші жойылды деп жарияланғаннан кейін қаржыландыру мәселесі қалай болатынын Қаржы министрінен сұрады.

"Алдымен заң, заңға тәуелді актілер, тиісті қаулылар бар. Өзгерістер енгізілген кезде қаржыландыруды азайтамыз. Кей жерлерде қаржыландыруды мүлдем алып тастаймыз. Біз үшін бұл түсінікті, заң әрдайым бірінші орында.

Сондай-ақ қабылдануға тиіс заңға тәуелді актілер бар. Осыдан кейін қаржыландыруға қатысты шешім қабылдаймыз. Әзірге біртіндеп қысқартамыз", - деді Ерұлан Жамаубаев.

БАҚ өкілдері заңға тәуелді актілерді қабылдану мерзімі қашан аяқталатынын да сұрады.

Бұл сұраққа екі ай көлемінде нақты белгілі болады деп жауап берді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011184-birtindep-qysqartamyz-qarzy-ministrligi-nazarbaevtyn-kensesin-qarzylandyru-turaly-aitty/