Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Ернат Бәзіл
Ернат Бәзіл. Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл Жетісу облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы департаменттің ресми сайтында хабарланды.

Ернат Бәзіл 1978 жылы туған, білімі – жоғары.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрлысшы инженер, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында "Базис-А корпорациясы" ЖШС-ның учаске шебері болып бастап, осы серіктестікте прораб, учаске бастығы болған.

Бірнеше жыл Астана және Алматы қалаларындағы жеке құрылыс компанияларында түрлі қызметтерде істеді.

Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болған.

Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011214-zetisu-oblysy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel