Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вашингтонда жайлырақ болған": АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Астанадағы ауа райы туралы өз ойын айтты

Жарияланған күні:

Энтони Блинкен мен Мұхтар Тілеуберді. Фото
Энтони Блинкен мен Мұхтар Тілеуберді. Фото: ҚР СІМ

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз конференциясында Астанадағы ауа райына байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сіздермен бірге болу, Қазақстанда болу өзіме ұнайды. Біз сізді Вашингтонда, өткен жылдың мамыр айында қарсы алғанда ауа райы жайлырақ болған. Алайда даладағы күннің суықтығы, сіз бен президент Тоқаев көрсеткен жылы қарсы алудың арқасында білінбей жатыр. Мен, әсіресе, оның қонақжайлылығы, бізбен бірге өткізген уақыты, сұхбаты үшін алғыс айтқым келеді", - деді Блинкен.

Айта кетейік, бүгін Астанаға ресми сапармен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келген еді. Тараптар екіжақты кездесу өткізіп, онда Энтони Блинкен әлемнің Ресейге қарсы салдары әлемнің көптеген өзге еліне де тиетінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011230-vasingtonda-zailyraq-bolgan-aqs-tyn-memlekettik-xatsysy-astananyn-aua-raiy-turaly-oz-oiyn-aitty/